Международный научно-общественный журнал "DOGMA"
Электронный научный журнал
УЧЕБНЫЙ ЦЕНТР

 


Педагогические науки
НЕГІЗГІ ПәНДЕРДІ ОқЫТУДА қОЛДАНЫЛАТЫН ЖАңАШЫЛ әДІС-ТәСІЛДЕРДІң ТИІМДІЛІГІ
Қозбекова Л.Ж. 1

1. Каспий қоғамдық университеті колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Қозбекова Л.Ж.

Каспий қоғамдық университеті колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

 

Негізгі пәндерді оқытуда қолданылатын жаңашыл әдіс-тәсілдердің тиімділігі

*

The effectiveness of innovative methods and techniques used in teaching basic disciplines

 

Аннотация

Қазіргі таңда сабақтың өтуі мен оқыту әдістемесіне байланысты кез келген пән мұғалімінен кәсіби шеберлікпен қатар жаңашыл әдіс-тәсілдерді тақырыппен байланыстырып, ұтымды қолдана білу талап етіледі. Сабақ барысында оқытушы материалды дайын түрде жеткізбей, оны өз тәжірибесі арқылы жүргізіп, өңдеп, жоғары дидактикалық деңгейде дамытып, сабақта қолдануы керек. Сабақтағы мұндай әдіс-тәсілдер мен жаңашылдық білім алушылардың зейінін сабаққа аударып, пәнге деген қызығушылығын оятатыны анық. Білім алушыларға ана тілінен тыс шет тілін үйрету күрделі қадамды қажет етеді. Сонымен қатар, орта, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған квест ойындарының түрлері өзін жақсы жағынан көрсетті. Мұндай ойындар білім алушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың зерделік деңгейін арттырады. Мақалада ойын технологияларын сабақтарда қолданудың әдіс-тәсілдері, ойын түрлері (дайындық ойындар, шығармашылық ойындар, іскерлік ойындар) берілген. Ойынсыз ақыл қалыпты дамымайды және бұл мүмкін емес. Ойын әлемге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, ол арқылы бала өзінің шығармашылық өмірінің рухани байлығымен байланысып, қоршаған әлем туралы түсінік алады.

Түйін сөздер: оқыту әдістемесі, әдістемесі, мұғалім, дидактикалық материалдар.

 

Annotation

Currently, depending on the conduct of classes and teaching methods, any subject teacher is required, along with professionalism, to be able to connect and rationally apply innovative methods and techniques with the topic. During the lesson, the teacher should not convey the material in a ready-made form, but conduct it through his own experience, process it, develop it at a high didactic level and use it in the lesson. Obviously, such techniques and novelty in the lesson help to divert students' attention to classes and awaken interest in the subject. Teaching students a foreign language beyond their native language requires a difficult step. In addition, types of quest games for middle, elementary and senior classes have proven themselves well. Such games, in addition to making students interested in acquiring knowledge, increase their level of intelligence. The article presents methods and techniques for using gaming technologies in lessons, types of games (preparatory games, creative games, business games). “Without play, the mind does not develop normally, and this cannot happen. Play is like a huge bright window opened to the world, through which a child can connect with the spiritual richness of his creative life and gain an understanding of the world around him.

Key words: teaching methods, techniques, teacher, didactic materials.

   

Білім мен ғылым, технология мен өндіріс қарыштап дамып, әлемдік нарықта сәт сайын жаңалық енген бүгінгі кезеңде мектептегі негізгі пәндерді оқыту жүйесіне де талап күшеюде. Бәсекеге қабілетті оқытушы өзінің күнделікті сабақ процесіне толыққанды дайындалып, өз тәжірбиесі мен білім-білік дағдысына үнемі толықтырулар енгізіп отыруы шарт.

Қазіргі уақытта сабақ өткізу мен оқыту әдістемесіне байланысты кез келген пән мұғалімінен кәсіби шеберлікпен қатар, жаңашыл әдіс-тәсілдерді тақырыппен байланыстырып, ұтымды қолдана білу талап етіледі. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оны өзіндік тәжірибесінен өткізіп, өңдеп, дидактикалық жоғары деңгеймен жасақтап барып, сабақта қолданғаны жөн. Мұндай әдіс-тәсілдер мен сабақтағы жаңашылдық оқушы назарының сабаққа аууына, пәнге деген қызығушылығының оянуына септігі тигізері анық. Білім алушыларға ана тілінен тыс шет тілін үйрету күрделі қадамды талап етеді. Яғни, педагог үнемі білім берудің жаңа моделін дамытып, өзгеше әдісті қапы жібермеуі шарт. Әсіресе, мұғалім балаға дайын материалды түсіндірумен шектелмей, оқушының қызығушылығын арттырып, тақырыпты өз бетінше зерттеуіне мүмкіндік беруі орынды деп санаймын. Бұл сабақтың нәтижесіне ғана емес, баланың жеке тұлғалық дамуына да орасан пайда әкелері сөзсіз. Сонда орыс тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қандай? Ол үшін нендей талаптарды сақтау керек? Қай әдіс тиімді? Осы сауалдар тақырыптың ашылуына оның пайдалы болуына көмек берері сөзсіз. Анығында, басты талап – заманауи әдістемені ескеру. Оның ішінде, инновациялық-цияфрлық технологияны белсенді пайдалану, түрлі платформаларда іс-тәжірибе өткізу. Бұл білім беру процесін жеңілдетіп, дәстүрлі әдіспен қатар игілікті пайдалануға жол ашпақ. Әрине, көп ұстаз қолданатын интербелсенді оқыту тәсілін айтпай кетуге болмас. Мұндай қадам білім алушының ғылым-білімге ұмтылысын ұлғайтып, жеке қасиетін қалыптастыруға көмектеседі. Ал, жеке, жұптың, топтық жұмыстар коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге жәрдемдеседі.

Жалпы, қандай әдіс-тәсіл болмасын, оның тиімділігі білім алушының белсенділігімен көрінері, өлшенері анық. Осы орайда бұл әдіс білім алушылардың қызығушылығын арттырып, бір-бірімен ой-пікір алмасуын, топтық жұмысқа деген белсенділіктерін күшейтеді. Сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың тақырыпты түгел меңгеруін қамтамасыз етері анық.

Сонымен қатар, орта буын, бастауыш және жоғары буын сыныптарына колледжге арналған квест-ойындар түрлері жақсы жолға қойылған. Мұндай ойындар білім алушылардың білім алуға деген қызығушылығымен қатар, интеллект деңгейін жоғарылатады. Мақалада сабақтарда ойын технологиясын қолдану әдістері мен тәсілдері, ойынның түрлері (дайындық ойындары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) бар. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз – ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В.А.Сухомлинский. Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі. Ойынның бір ерекшелігі, ол білім алушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айта алуына мүмкіндік береді. Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Әр түрлі топтарда сабақты қызықты етіп өткізу үшін сабақтарда мынандай ойындар қолдануға болады: - Фонетикалық ойындар; - Әріптерге байланысты ойындар; - Оқу ережесіне байланысты ойындар; - Сөйлеу қабілетін дамытуға байланысты ойындар; - Грамматикалық ойындар; - Лексикалық ойындар; Ойындарды екіге бөлуге болады. Бірінші тарау сөйлеу қабілетін дамытатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық және орграфикалық ойындар жатады. Грамматикалық ойындардан кейін лексикалық ойындар жүреді. Фонетикалық ойындар сөйлеу қабілеті мен білігін дамыту кезеңінде дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге арналған. Ең соңында жүргізілетін орфографиялық ойындардың мақсаты – лексика бойынша оқылған сөздердің дұрыс жазылуын үйретеді. Екінші тарау «Шығармашылық ойындар» деп аталады. Бұл ойындардың мақсаты – сөйлеу қабілетінің ары қарай дамуына ықпал ету. Тез ойлауға, қарым-қатынаста ойланбай жауап қайтаруға, әр түрлі жағдайлардан тез шығуға көмектеседі. Дидактикалық ойындар оқушылырдың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін артуымен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Білім алушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Іскерлік ойындар – білім алушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытатын тиімді тәсіл.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Білім туралы заң;

2. Стандарт

3. ҚР педагог қызметкерлерінің БА курсының 3 деңгейінің «Мұғалімдерге арналған нұсқаулығы»

4. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А:  Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2, 2004. 47 б.

 

 


Пристатейный список:


Библиографическая ссылка

Қозбекова Л.Ж. НЕГІЗГІ ПәНДЕРДІ ОқЫТУДА қОЛДАНЫЛАТЫН ЖАңАШЫЛ әДІС-ТәСІЛДЕРДІң ТИІМДІЛІГІ // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2024. – № 3(28);
URL: journaldogma.esrae.ru/ru/28-554 (дата обращения: 23.12.2024).


Код для вставки на сайт или в блог

Просмотры статьи

Сегодня: 65 | За неделю: 65 | Всего: 65


Комментарии (0)


Сайт работает на RAE Editorial System