«Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi» делінген. Бұл өркениетті, демократиялық мемлекеттіктің бірден-бір белгісі болып табылады.
Көзі ашық көкірегі ойау азаматтардың бәрі білетіндей, дамыған, өркениетті елдердің қай қайсысында да алқабилер институты жұмыс істейді. Мұндағы басты мақсат – қылмыстық істерді қарағанда сот төрелігінің мейілінше объективті және әділетті болуын қамтамасыз ету және оған бұқара халықтың өзін қатыстыру болып табылады.
Демократиялық және құқықтық мемлекет құрып, қалыптастыруға бағыт алған біз де қоғамның мұрат-мүддесіне қызмет ететін мұндай өнегелі істен еш қалмадық.
Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқабилер институтын енгізу – заман талабына сай маңызды мәселеге айналды.
Ключевые слова: Конституция, сот билігі, сот төрелігі, сот жүйесі, билер соты, мемлекет, алқабилер соты, демократия.
Библиографическая ссылка
Серік Д.М. 1 Қазақстан Республикасында алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2023. – № 1(22);
URL: journaldogma.esrae.ru/22-404 (дата обращения:
23.12.2024).