Мақалада білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің, оның ішінде заңгерлерді даярлаудың өзекті мәселелері қарастырылған. Жылдам өзгеретін әлемдегі цифрлық технологиялар тек құрал ретінде ғана емес, сонымен бірге мүлдем жаңа мүмкіндіктер ашатын және заңгерлік білім беруді қол жетімді ететін тіршілік ортасының бір түрі: жеке білім беру маршруттарын пайдалану, кез-келген уақытта және Интернет бар кез-келген жерден оқыту, үздіксіз білім беру ретінде ұсынылатыны айтылады.
Цифрландыру – қоғамның барлық салаларына цифрлық ресурстарды ұлғайып енгізу және қарқынды дамып келе жатқан жаһандық тренд екені және оны тоқтатуға болмайтыны анықталды. Құқықтық білім беру саласында цифрлық технологияларды дамыту өте өзекті және мемлекеттік деңгейде қолдауға ие деген дәлелдер ұсынылды. Цифрландыру процесінде оқыту құрылымы, сондай-ақ студенттердің білім беру процесі мен білім беру ортасын ұйымдастыруға деген көзқарас айтарлықтай өзгеретіні негізделген. Білім беру үдерісінде жаңа технологияларды пайдалану цифрлық білім беруді одан әрі дамытудың басты шарттарының бірі екені алға тартылады. Құқықтық білім беруді цифрландырудың күшті және әлсіз жақтары айқындалды.
Ключевые слова: заманауи білім беру, білім беру ортасы, оқу процесі, цифрландыру, құқықтық білім беруді цифрландыру, интернет-технологиялар, онлайн оқыту
Библиографическая ссылка
Айтжан Б.Е. 1 Заңгерлік білім беру жүйесін цифрландыру мәселесі туралы // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2023. – № 2(23);
URL: journaldogma.esrae.ru/23-418 (дата обращения:
23.12.2024).