Кейде азаматтық қоғам мемлекеттің өзімен ұқсастырылады. Нәтижесінде бұл құрылымдардың ерекшеліктері жойылады. Осыдан барып, азаматтық қоғамның бар болмысын, оның құрылу жолдары мен әлеуетті мүмкіндіктерін ұғыну қажеттілігі айқын көрінеді. Қазақстандағы азаматтық қоғамның мәселелерін зерттеу кезінде, адамзат баласының әлемнің басқа да елдерінде азаматтық қоғам құру жолында қол жеткізген жетістіктерін ескермей кетуге болмас. Дамыған елдердің көпшілігінде толық жетілген азаматтық қоғамдар бар, әсілінде, бұл елдер жоғары даму деңгейіне оларды азаматтық даму жолына бастаушы жетілген азаматтық қоғамның арқасында жетті. Бұл елдердің азаматтары өз құқықтарын біліп қана қоймай, оны өз мақсаттарына пайдалануға және өз міндеттерін орындауға құлықты, құқықтық мәдениеті де жоғары. Өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері көбіне азаматтық қоғамның белсенділігіне, құқықтық санасына, өздігінен ұйымдасқыштығына байланысты. Сондықтан, біздің еліміз осы салада айтарлықтай зор табыстарға жеткен шет мемлекеттердің тәжірибесінен сабақ алғаны абзал. Азаматтардың құқықтарына, жауапкершілігіне және іскерлігіне сүйенетін ашық, демократиялық, азаматтық қоғам құру қоғамдық өмірдің демократиялануы мен жаңғырығы жаңа заманға жеткен тоталитарлық тарихымыздан сабақ алу аса маңызды да іргелі міндеттердің қатарында тұр.
Ключевые слова: азаматтық қоғам, жауапкершілік, биліктің бөлінуі, халық, азамат, мемлекет, құқық.
Библиографическая ссылка
Бабир Р.Қ. 1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың негізгі бағыттары // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2023. – № 2(23);
URL: journaldogma.esrae.ru/23-419 (дата обращения:
23.12.2024).