Мақала биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде деген өзекті тақырыпқа арналған. Өкімет билігін бөлу қағидасы 300 жылдан астам уақыт бойы әлемдік конституциялық тәжірибеде мойындалған және қолданылып келеді. Осы уақыт бойы ол әрине, теориялық тұрғыдан болсын, өзінің тәжірибелік жүзеге асырылуы тұрғысынан болсын өзгеріске ұшырады. Өкімет билігін бөлу мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі және құқықтық, конституциялық, демократиялық мемлекеттің жұмыс істеуіне негіз болатын қағидалардың бірден бірі болып табылады. Бұл қағиданың мақсаты әділеттілікті қамтамассыз ету және билікті асыра пайдалануды жою.
Өкімет билігін бөлу теориясын алғаш рет XVII ғасырда француз ағартушысы Дж. Локк құрастырды және тәжірибеде өз қолданысын тапты: ол қазіргі мемлекеттердің көпшілігінің мемлекеттік билік құрылымының негізінде жатыр.
Өкімет билігін бөлу мемлекеттік биліктің біртұтастығына және сонымен қатар, оның үш бұтаққа: заңнамалық, атқарушылық және соттық бөлінуін жобалайды. Сонымен бірге ерте заманның ойшылдары дұрыс аңғарғандай нақты мемлекет органдарымен берілген биліктің үш бұтағы бір бірінен тәуелсіз әрекет ете алмайды. Олар тұрақты байланыста жұмыс істейді және біртұтастық шеңберінде әртүрлі қызмет атқарып, өзара бақылау жасай отырып бір-біріне әсер етеді.
Оразбеков Э.Д. 1 Мемлекеттік билікті жүргізудің әдістері мен құрылымын жетілдірудің жолдары // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2023. – № 2(23);
URL: journaldogma.esrae.ru/23-420 (дата обращения:
23.12.2024).