Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, бала асырап алу кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол беріледі. Заң бойынша балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыруға міндетті қорғаншылық және қамқоршылық органдары нашар жұмыс істейді, олардың қызметінде көптеген формализм, бала асырап алғысы келетін Қазақстан азаматтарына негізсіз бас тарту, оларды отбасына тәрбиелеуге берілуі мүмкін балалар туралы хабардар ету жолға қойылмаған. Мұндай жағдайларда бала асырап алу туралы шешім қабылдауда соттың рөлі едәуір артады. Сот заңсыз бала асырап алу жолына тосқауыл қоюға қабілетті; бала асырап алудың тек заңнамаға ғана емес, сонымен бірге белгілі бір баланың мүдделеріне сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. Соттың барлық жағдайларды, соның ішінде бала асырап алушылардың медициналық жарамдылығын сапалы бағалауы көбінесе баланың болашақ тағдырын анықтайды.
Ключевые слова: отбасы, бала асырап алу, неке, құқықтық қатынас, айелдер құқықтары, нормативтік құқытық актілер, неке, заңнама.
Библиографическая ссылка
Тұрсынбек Б.Қ. 1 Қазақстандағы бала асырап алу институтының даму тарихы // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2023. – № 2(23);
URL: journaldogma.esrae.ru/23-431 (дата обращения:
23.12.2024).