Мақалада медиацияны ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады. Дауларды, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу халықаралық құқықтың негізін қалаушы қағидаттарының бірі екендігі белгілі. Делдалдықтың «Халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы» екі Гаага конвенциясымен регламенттелгендігі жөнінде тарихи шолу жасалған. Медиацияны құқықтық реттеудің өңірлік деңгейде де жүзеге асырылғандығы туралы айтылған. Еуроодаққа қатысушы мемлекеттерге медиацияны азаматтық және коммерциялық істер бойынша ғана емес, сондай-ақ отбасылық және әкімшілік даулар бойынша қолдану үшін нақты мүмкіндіктер жасауға ұсынылғандығы жөнінде мәселе қозғалады. Сонымен қатар, Еуроодақта медиаторлардың қызметін реттейтін бірқатар директивалардың қолданылғандығын, БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы медиация туралы үлгі заң әзірлегендігін атап өткен. Медиацияны құқықтық реттеуді көптеген шет елдердің тарихын салыстырмалы тұрғыда зерттей отырып, бастау алған жылдарына көз жүгірту арқылы қазіргі кездегі жағдайларына баса мән беріп, шетелдік тәжірибелерді де көрсеткен.
Ключевые слова: медиация, дау, медиатор, қақтығыс, дауларды бейбіт жолмен шешу, делдалдық, халықаралық жария құқық, халықаралық жеке құқық.
Библиографическая ссылка
Турабаева Д.С. 1 Медиацияны құқықтық реттеу: халықаралық және ұлттық деңгей // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2024. – № 2(27);
URL: journaldogma.esrae.ru/27-519 (дата обращения:
23.12.2024).