Қазіргі уақытта жасанды интеллект жүйелері, нейросеть және де басқа да ақпараттық қауіпсіздік көздері арқылы соның ішінде дипфейк «Deepfake» (дауыс пен бейнені салу) техникалық жетістіктерін қолдану арқылы биометриялық ақпараттарға қол жеткізіп, солар арқылы интеграцияланған мемлекеттік ақпараттық базаларға ену арқылы дербес деректерге қол жеткізіп киберкеңістік шеңберінде қылмыстық ойын жүзеге асырады. Көп жағдайда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар виртуалды кеңістікте жасалғандықтан, қылмыстық қауіптің шығу қайнар көзін анықтау қиындықтар туығызады.
Киберкеңістікте жасалатын қылмыстар бір-түрден екінші түрге айналып, оларды құрықтау құқық қорғау органдары үшін үлкен мәселе болып тұр. Сол себепті заңнамалық тұрғыда аталған жаңа түсініктерге құқықтық баға беріліп, криминологияның қылмыстылықпен күрсе тәсілдерін тиімді пайдалану шарт. Одан бөлек, мұндай қылмыстар алыс-жақын орналасқан шетелдер арқылы жасалатын болғандықтан, бұндай қылмыстармен күрес құқықтық көмек беру шарты арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қажет етеді.
Ключевые слова: киберқылмыстар, киберкеңістік, ұйымдасқан топ, қылмыстық топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, қылмыс, ақпарат, технология, Интернет, дербес деректер.
Библиографическая ссылка
Ашимбаев Д.А. 1 Киберқылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2024. – № 4(29);
URL: journaldogma.esrae.ru/29-590 (дата обращения:
10.04.2025).