Бұл мақалада бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың тиімді шарттары мен маңызы туралы айтылады. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылыққа бағдарлау мәселелері қарастырылады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда құндылыққа бағдарланған қатынастарды қалыптастыруға негізделген автордың көзқарасы берілген. Жүйелі-белсенділік құралдары арқылы оқушылардың ұлттық құндылыққа бағдарын қалыптастыру туралы ақпарат беріледі. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының, тәрбиесінің және әлеуметтенуінің негізі болып табылатын ұлттық құндылықтар қазақ халқының діни, мәдени, әлеуметтік-тарихи, отбасылық дәстүрлерінде сақталған тұлға дамуының қозғаушы күші болып есептеледі.
Ключевые слова: ұлттық құндылық, оқу үдерісі, бастауыш сынып, білім беру, дамыту.
Библиографическая ссылка
Киясова К.К. 1 Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2025. – № 1(30);
URL: journaldogma.esrae.ru/30-650 (дата обращения:
06.12.2025).