Кез-келген өндірістік жүйені басқарудың тиімділігі кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы дұрыс ақпарат ағынымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның қызметі туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуді басқарушылық есеп жүйесі ұсынады. Басқарушылық есеп ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің экономикалық қызметіне қатысты ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну тиімді басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі құралы болып табылады. Мақаланы жазудағы мақсат – басқарушылық есептің кәсіпорын қызметін басқару жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын рөлін ашып көрсету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес әдебиет көздеріне шолу жасай отырып басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттері нақтыланды, VOSviever талдауы арқылы басқарушылық есептің зерттелу деңгейі көрсетілді. Нәтижесінде басқарушылық есепті толыққанды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың беретін артықшылықтары айқындалды.
Баян Ү.Ә. 1, Мазбаева Қ.О. 2 Басқарушылық есептің ұйымды басқару жүйесіндегі интеграциялық рөлі мен заманауи құрал ретінде: теориялық-әдістемелік тұрғыдан қарастыру // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2025. – № 3(32);
URL: journaldogma.esrae.ru/32-658 (дата обращения:
06.12.2025).