Бұл бөлімде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың жедел-іздестіру профилактикасының ұйымдастырушылық–тактикалық аспектілері қарастырылған. Зерттеу барысында профилактикалық іс-шараларды тиімді ұйымдастыру, виктимологиялық профилактиканың маңызы, ақпараттық қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі талданған. Жедел-іздестіру профилактикасының тиімділігі іс-шараларды дұрыс ұйымдастыруға, материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуге байланысты екені көрсетілген. Сонымен қатар, алдын алу шараларын жүзеге асыруда құқық қорғау органдарының жедел уәкілдері мен құпия көмекшілердің рөлі, ақпаратты жинау мен өңдеудің тактикалық әдістері қарастырылған.
Ключевые слова: Кәмелетке толмағандар, қылмыстық құқық бұзушылық, жедел-іздестіру профилактикасы, ұйымдастырушылық–тактикалық аспектілер, виктимологиялық профилактика, ақпараттық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары.
Библиографическая ссылка
Зулеева А.Ж., Абдихаликов А.А., Шидемов А.Г. 1 Кәмелетке толмағандарға жасалатын қылмыстарды алдын алу: жедел-іздестіру профилактикасының ұйымдастырушылық және тактикалық мәселелері // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 1(34);
URL: journaldogma.esrae.ru/34-687 (дата обращения:
19.02.2026).