Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-тарауында көзделген адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық табиғатын, құрылымын және түрлерін талдауға арналған. Зерттеуде аталған қылмыстардың тікелей объектілері, объективтік жағы және олардың құқықтық реттелу ерекшеліктері қарастырылады. Ерекше назар азаптау, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, хат-хабар құпиясын бұзу, тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу, сайлау құқықтарын шектеу және еңбек құқықтарын бұзу сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтарға аударылады. Сонымен қатар халықаралық құқықтық актілердің, ұлттық заңнаманың және сот тәжірибесінің рөлі талданады. Зерттеу нәтижесінде адам құқықтарын қорғау саласындағы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру қажеттілігі және олардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері негізделеді.
Ключевые слова: Адам құқықтары, азаматтық бостандықтар, қылмыстық құқық бұзушылық, объективтік жағы, қылмыс объектісі, азаптау, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, хат-хабар құпиясы, тұрғын үйге қол сұғылмаушылық, сайлау құқығы, еңбек құқықтары, Қазақстан Республикасы
Библиографическая ссылка
Әбдікалық С. 1 Конституциялық құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 2(35);
URL: journaldogma.esrae.ru/35-712 (дата обращения:
03.04.2026).