Бұл мақалада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың себептері, құрылымы және алдын алу тетіктері кешенді түрде қарастырылады. Зерттеуде жасөспірімдер қылмысының әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және отбасылық факторлары талданып, олардың қалыптасуына әсер ететін негізгі жағдайлар айқындалады. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесі мен құқықтық мәдениетінің маңызы, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы отбасылық институттың рөлі қарастырылады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу шаралары және құқық қорғау органдарының қызметі талданады. Зерттеу нәтижесінде кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу үшін кешенді, жүйелі және тәрбиелік бағыттағы шараларды күшейту қажеттілігі негізделеді.
Ключевые слова: Кәмелетке толмағандар, құқық бұзушылық, жасөспірімдер қылмысы, алдын алу, отбасы тәрбиесі, қадағалаусыздық, панасыздық, құқықтық мәдениет, мемлекеттік саясат, әлеуметтік факторлар, Қазақстан Республикасы
Библиографическая ссылка
Кайранов Е. 1 Қазақстан Республикасы жағдайындағы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының қазіргі ахуалы мен жалпы ерекшеліктері // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 2(35);
URL: journaldogma.esrae.ru/35-719 (дата обращения:
03.04.2026).