Международный научно-общественный журнал "DOGMA"
Электронный научный журнал
УЧЕБНЫЙ ЦЕНТР

 


Юридические науки
Буллинг құбылысының тарихи даму кезеңдері
Қайнарбай А.Қ. 1, Айдар Б.А., Дустаев Ж.А. 2

1. «ҚҰҚЫҚ» Академиялық мектебінің магистранты «Q»UNIVERSITY»
2. ЮПД-22(4) СО, «ҚҰҚЫҚ» Академиялық мектебінің студенттері «Q»UNIVERSITY»

Резюме:

Мақалада буллингтің әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі теориялық негіздері қарастырылып, тұлғааралық қатынастардағы агрессивті мінез-құлықтың табиғаты туралы ғылыми көзқарастар талданады. Буллинг феноменін зерттеуге елеулі үлес қосқан шетелдік ғалымдардың, атап айтқанда Конрад Лоренцтің агрессия теориясы, Ханс Лейманның моббинг тұжырымдамасы, Питер Пол Хайнеманның, Дэн Олвеустың және Майкл Патердің ғылыми көзқарастары жан-жақты зерттеледі. Мақалада «буллинг» және «моббинг» ұғымдарының арақатынасы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы агрессиялық мінез-құлықтың пайда болу себептері, сондай-ақ отбасы мен әлеуметтік ортаның тұлға қалыптасуына әсері қарастырылады. Буллингтің ғылыми анықтамаларына талдау жасалып, оның негізгі белгілері, қарапайым жанжалдан және өзге де тұлғааралық қайшылықтардан айырмашылықтары айқындалады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы буллингтің таралу ерекшеліктері, оның қатысушыларының рөлі және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу мәселелері зерделенеді. Зерттеу нәтижесінде буллингтің қасақаналық, жүйелілік, агрессиялық сипат және жәбірленушіге физикалық немесе психологиялық зиян келтіру сияқты негізгі белгілерін қамтитын авторлық анықтама ұсынылады.

Ключевые слова: буллинг, моббинг, агрессия, психологиялық зорлық-зомбылық, мектептегі буллинг, жәбірленуші, агрессор, тұлғааралық қатынастар, білім беру ортасы, балалар, жасөспірімдер, әлеуметтік орта, отбасылық тәрбие, психологиялық қысым, қақтығыс, виктимизация.


Библиографическая ссылка

Қайнарбай А.Қ. 1, Айдар Б.А., Дустаев Ж.А. 2 Буллинг құбылысының тарихи даму кезеңдері // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 2(35);
URL: journaldogma.esrae.ru/35-773 (дата обращения: 21.06.2026).


Код для вставки на сайт или в блог

Просмотры статьи

Сегодня: 7 | За неделю: 7 | Всего: 7


Комментарии (0)


Сайт работает на RAE Editorial System