Мақалада жаппай тәртіпсіздіктің тарихи-құқықтық дамуы, оның мазмұны, белгілері және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы қарастырылады. Ерекше назар бұл институттың кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңнамадан бастап Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық құқығына дейінгі эволюциясына аударылады. Жаппай тәртіпсіздік көп адамның қатысуымен жүзеге асатын, қоғамдық тәртіпті бұзумен, зорлық-зомбылық қолданумен, мүлікті жоюмен және билік өкілдеріне қарсылық көрсетумен сипатталатын қоғамдық қауіпті құбылыс ретінде талданады. Сонымен қатар митинг, ереуіл, демонстрация сияқты бейбіт жиналыс нысандарынан оның айырмашылығы айқындалады. Зерттеу нәтижесінде жаппай тәртіпсіздіктің құқықтық табиғатын нақтылайтын авторлық анықтама ұсынылады.
Ключевые слова: жаппай тәртіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, қылмыстық құқық, тарихи даму, құқық бұзушылық, митинг, ереуіл, демонстрация, зорлық-зомбылық, мүлікті жою, құқықтық эволюция.
Библиографическая ссылка
Советбек С.Б. 1, Асылбек А.Б., Болатов Ə.Н. 2 Жаппай тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың ұғымы мен мазмұны // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 2(35);
URL: journaldogma.esrae.ru/35-776 (дата обращения:
21.06.2026).