Международный научно-общественный журнал "DOGMA"
Электронный научный журнал
УЧЕБНЫЙ ЦЕНТР

 


Юридические науки
ҚЫЛМЫСТЫқ ПРОЦЕСТЕГІ үШ БУЫНДЫ МОДЕЛЬ – қЫЛМЫСТЫқ ПРОЦЕСКЕ ТАРТЫЛғАН АЗАМАТТАРДЫң құқЫқТАРЫН қОРғАУДЫң КЕПІЛІ
Ашимбаев Д.А. 1

1. Қонаев Университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Ашимбаев Д.А.

Қонаев Университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

 

Қылмыстық процестегі үш буынды модель – қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі

*

The three-link model in criminal proceedings is a guarantee of protecting the rights of citizens involved in criminal proceedings

 

Андатпа

Қылмыстық просетегі үш буынды модель институтын енгізу, қылмыс орбитасына тартылған адамдардың құқытары мен бостандықтарының басты кепілі. Құқық қорғау органдарының міндеттері мен фнукцияларының ара жігін ажырату, бір бірінің ісін қайталап жасамау, заңсыз қылмыстық қудалаудан қорғау қылмыстық процестегі үш буынды модельдің негізгі мақсаты болып табылады. Адамның және азаматтың конституциялық құқытарын қорғау және оның заңсыз бұзылуына жолбермеу Қазақстан Республикасының алға қойған саясаты әрі мақсаты. Бүгінгі таңда қылмыстық процестегі үш буынды модель көптеген заңсыз қылмыс орбитасына тартылған азаматтардың құқықтарын қорғап, оларды дереу жауапкершіліктен босатып, конституциялық құқытарын тез арада қалпына келтіруде үлкен үлес қосуда. Соның бірден бір көрінісі, ҚР қылмыстық процестік кодексіндегі жаңалық, қорғалуға құқығы бар куә институты болып табылады. ҚР әрі де қылмыстық құқық саласындағы саясатын одан әрді де позитивті құқықтармен толықтырып, жалғастыра береді деген сенімдеміз.     

Кілт сөздер: құқық, позитив, модель, қылмыстылық, сот, прокурор, тергеу органдары, полиция, декларция, конвенция, пакт, қылмыстық процес, конституция, хартия, бостандық.

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қылмыстық құқық саясатын жүргізуде бірнеше позитивті реформалар жүргізді. Аталған құқықтық реформалар қылмыстылықпен күресте мемлекетпен алдына қойылған мәселелерді жауапкершілікпен атқара білді. Алғашқы қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданды және 2014 жылдың 4 шілдесіне дейін әрекет етті. Аталған кодекс сол уақыттағы талапқа сай болды десек қателеспейміз. Дегенмен соңғы жылдардағы адамзаттың дамуы мен қылмыстылықпен күрсетегі жаңа талаптар еліміздің жаңа қылмыстық процестік кодексінің қабылдауына алып келді. Себебі Қазақстан Республикасы әлем алдында өзін ашық, демократиялық мемлекет деп жариялаған соң және де Бірікке Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде мойындалып, дүние жүзі алдында өзін дербес мемлекет ретінде танылғанын түсініп адам құқықтары жөніндегі декларацилар мен конвенциялар, хартиялар мен пактілерді мойындап оның мүшесі болып танылғанын, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы деп Конституциясында белгілеген сәттен бастап адам құқықтарын қорғауды өзінің басты стратегиялық миссиясы екенін мақсат етіп келеді. Қойылған талаптар мен мақсаттарға жету жолында Қазақстан Республикасы 2014 жылы 4 шілде жаңа Қылмыстық-процестік кодексін қабылдады. Аталған кодекс те шамамен 70 пайыздай өзгерістер мен толықтырулар орын алғанын атап айтқым келеді.Соның ішінде қашықтықтан жауап алу, айғақтарды сақтау, процестік келісім, тергеу судьясы, арнайы прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қорғалуға құқығы бар куә және тағы да басқа жаңа нормалар мен институттар енгізілді. Осының бәрі заңдылық, теңдік және де гуманистік қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылған құқытық реформалардың бастауы еді.

 Қолданыстағы қылмыстық процестік кодекс қазіргі заманның талабына және де сұраныстарына сай деп айтуға болады. Дегенмен құқық саласының ғалымы ретінде, алғашқы қызметімді тергеу органдарынын бастаған маман ретінде қолданыстағы қылмыстық процестік кодексте кейбір нормалардың қарама қайшылықтарын байқап жатамыз. Ол бойынша ізденістер мен ғылыми тескерістер жүргізіп мақалалар жазумен келеміз.           

Сонымен 2020 жылғы 01 қыркүйекте мемлекет басшысы қылмыстық саланы реформалауды және қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізуді тапсырды. Қылмыстық процестегі Үш буынды модель барлық дамыған мемлекеттерде бар құқытың формасы деп айтуға болады. Мұндай модельде қылмыстық процеске үш буын жауапты болады болады, олар: полиция, прокуратура және сот органдары деп мысалға алуға болады.

Кез келген мемлекеттің дамуы мен стратегиясына ең бірінші себепкер болатын тұлға ол Президент, мемлекет басшысы. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында адам құқықтарын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің аражігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», - деп негізгі бағыт-бағдарды да айқындап берді.

Осы жерде мынаған тоқталғым келіп тұр Қазақстан Республикасының 2011 жылы 6 қаңтарда қабылданған Құқық қорғау қызметі туралы заңының 3-бабында құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі жатады. 

2023 жылғы статистика бойынша қылмыстық процестің заңдылығын қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 1,2 мыңнан астам азаматтың қылмыстық орбитаға негізсіз тартудың жолын кесті, қылмыстық қудалау органдарының қызметтік кабинеттерінен 800-ден астам адам босатылды.

Прокурорлардың бастамасы бойынша 1332 адамға қатысты үкім сәйкес келтірілді, бұл ретте 315 сотталушының жағдайы жақсарды, 10 адам ақталды.

Өткен жылдардағы статистикаға қарасақ прокурорлар келісуден бас тарту арқылы процеске қатысушылардың құқықтарын қозғайтын 80 мыңнан астам (2021 жылы – 53 270, 2022 жылы – 28 180) заңсыз шешімдер қабылдаудың жолын кесті.

Қылмыстық орбитаға 6 мыңға жуық адамды негізсіз тартуға жол берілмеді (2021 жылы – 3771, 2022 жылы - 2224), бұл үш буынды модель енгізілгенге дейінгі көрсеткіштен 20 есе көп, яғни осы сәтті қорытындыласақ Үш буынды модельді енгізу адам құқықтарын қорғауда жоғары нәтижелер көрсетіп отыр, демек, қылмыстық процестегі өзгерістер мен реформалар өз жемісін берді деген сөз. Әрине аталған көрсеткіштермен тоқталып қалуға мүлдем болмайды, заманауи жағдаяттармен төніп тұрған қауіп-қатерлер кем емес, сол үшін қылмыстық құқық саласындағы және де қылмыстық процестік құқық саласындағы даму пардигмасы әлі де трансформацияларға түсетінін, өзгеретінін және де жетілдіріле түсітініне күмәнім жоқ.  

Зерттей келе, өткен уақытқа салыстырма жүргізіп көрсек, бұрын 2015 жылға дейін тергеу алды тексеру деген өз алдына бір институт болған. Яғни қылмыс туралы арыз, шағым немесе хабарламалар түскеннен кейін қылмыстық іс қозғалғанға дейін 2 ай бойы тергеу алды тексеру шаралары жүргізілетін. Барлық мүдделі адамдар тергеу органдарына бірнеше рет шақырылатын, олардан көрсетімдер алы­натын, сараптамалар мен аудиторлық немесе салық органдарымен тексеру­лер жүргізілетін, шектеулер қойылатын. Егер қылмыс белгілері байқалса, қыл­мыстық іс қозғалып, 2 ай бойы тергеу жүргізіліп, қайтадан жоғарыда атап өткен әрекеттер қайталап жасалатын. Соның салдарынан адам бірнеше ай бойы әуре-сарсаңға түсіп, қылмыстық процесс орбитасына тартылып, жүй­кесі тозып, оның конституциялық құқық­тарының бұзылуының және сыбайлас жемқорлықтың орын алуының бірден-бір себебі болатын.

Жалпы қазіргі таңда елімізде үш буынды модельді қалыптастыру жұмысы қарқынмен жүр­гізілуде. Аталған модель бірінші кезекте, азаматтардың конституциялық құқық­тарын қорғауға және олардың қыл­мыстық процеске негізсіз тартылуын бол­дырмауға бағытталған. Мұндай тәр­тіп дамыған елдердің тәжірибесіне негіз­делгенін және де адам құқытарын қорғауға бағытталған конвенцияларға негізделгені белгілі.

Үш буынның бірінші буыны – тергеу органдары, екіншісі – прокуратура, үшіншісі – сот. Жаңа модель олар­дың өкілеттіктерін нақты ажыратып берді. Тергеу органы қылмысты аша­ды, дәлелдемелер жинайды. Прокуратура атқарылған жұмысқа баға береді, қыл­мыстық істі сотқа жолдау немесе қайта тергеуге жолдау мәселесін қарайды. Ал сот сол дәлелдемелерге баға бере отырып, үкім шығарады.

Үш буынды модельді енгізудің ал­ғашқы кезеңі 2020 жылдың соңында күшіне енді. Өзгерістерге дейін тергеуші қылмыстық іс қозғап, барлық шешімдер­ді өзі қабылдайтын. Ал прокурор тек олардың заңдылығын тексеретін. Қазір қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімінен кейін ғана заңды күшіне енеді. Бұл шешімдер қатарында адамды күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, қылмыстық құқық бұзушылықты саралау, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу және қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтату бар.

Яғни жаңа модельге сәйкес, прокурор қылмыстық процестегі қадағалауды ең бастапқы сатысынан бастап жүргізеді. Қандай да бір шешім қабылданардан бұрын прокурордың сүзгісінен өтіп, негізсіз деп танылғандары келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады. Мысалы, адамды қылмыстық іс бойынша күдікті деп тану үшін тергеуші алдымен тиісті материалдар мен қаулы жобасын про­курорға ұсынады. Бұл уақытта адам әлі күдікті емес және қылмыстық процесс орбитасына тартылмаған болып есептеледі. Прокурор қаулыға келісім бергеннен кейін ғана адам күдікті болып танылады. Ал прокурор тиісті дәлелдер жеткіліксіз деп санаса, күдікті ретінде тану туралы қаулыны бекітуден бас тартады.

Қарапайым тілмен айтқанда, орган бұл адамдарды күдікті деп танығысы келгенімен, прокурорлар шешімдерді мұқият қарап, олардың іске қатысы жоқ екенін анықтады. Яғни бұл азаматтардың конституциялық құқық­тары қорғалып, оларды заңсыз қыл­мыстық қудалауға, іске негізсіз тартылуға жол берілмеді. Сондай-ақ өткен жылдан бері прокурорлар 2 мыңға жуық істі өздері тоқтатты. Себебі бұл істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу негізсіз болған. Осының бәрі прокурордың тергеу барысындағы қадағалаушы рөлінің артқандығын дәлелдейді.

Екінші кезеңде де прокурордың жауап­кершілігі біршама артады. Өйткені енді аса ауыр қылмыстық істер бойынша тергеу аяқталған кезде тергеуші іс бойын­ша, тек, есеп әзірлейді. Ал айыптау актісін прокурордың өзі жасайды.

Бұған дейін, айыптау актісін тергеуші өзі дайындап, дайын актіні істің мате­риалдарымен бірге прокурорға ұсына­тын. Прокурор оларды бекітіп, нәтижесі бойынша істі сотқа жолдайтын немесе бұ­зушылықтар анықтаған жағдайда ­тер­геушіге қайтаратын.

Енді прокурор қылмыстық іс материалдарын және тергеушінің есебін зерделеп, жиналған дәлелдерге баға бере отырып, айыптау актісін жасау немесе істі қайтару туралы шешім қабылдайды.

Прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қояды, азаматтардың қылмыстық процестің орбитасына заңсыз таралуына жол бермейді, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды.

Ал сот органның әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және түпкілікті шешім қабылдайды.

Аталған қылмыстық процестің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді және жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді.

Осы орайда жаңа заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда.

                Қорытындылайтын болсақ, қылмыстық процестегі үш буынды модель заман талабына сай, халықаралық шарттар мен конвенциялартың талабына сәйкес келетінін тұжырымдаймын. Себебі адам құқытары мен бостандығы қай кезеңде, қай заманда болмасын ең басты назарда туратын құбылыс болуы шарт. Сол себепті, бүкіл дүние жүзін гуманизм мен әділеттілік қағидасы шеңберінде әрекет етуін шақырамын.

            Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған және оның 1 – бабы: «барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс»,- делінген, сол себепті адамзаттың барлығын сүйіп, олармен тек бауырмалдық қарым-қатынаста болуға шақырамын!!!

          Сөзімді қорытындылай келе, Платонның, Аристотельдің және Цицеронның сөздеріне тоқталсам деп едім.

Платон: «мен заңның күші жоқ және заң біреудің билігінде болатын мемлекеттің жақын өлімін көремін. Заң билеушілердің қожайыны және олар оның құлдары болған жерде мен мемлекеттің құтқарылуын және құдайлар мемлекеттерге бере алатын барлық артықшылықтарды көремін»,- деген екен.

          Аристотель: «заң күші жоқ жерде қандай да болмасын мемлекеттік құрылымның  болуы екі талай. Заң бәріне билік етуі керек»,- деген екен.

          Цицерон: «- иә, мемлекет деген не, тәртіп орнамаған болса», - деген екен.

          Кеңес одағының батыры, қазаққа әйгілі Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «тәртәпке бағынған ел құл болмайды»,- деп. Сол себепті әр қашанда биік тұлғалық пен кемеңгер азаматтықты таныта білейік.

Назар қойып тыңдағандарыңызға, Үлкен Рахмет!!!

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі, 2014 жыл 4 шілде де қабылданған

3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. 2006 ж., авторлар тобы.

4.    Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған.

5. Право быть равными, от античности до наших дней. Учебник. - Алматы, Жеті жарғы 1995.

 

 


Пристатейный список:


Библиографическая ссылка

Ашимбаев Д.А. ҚЫЛМЫСТЫқ ПРОЦЕСТЕГІ үШ БУЫНДЫ МОДЕЛЬ – қЫЛМЫСТЫқ ПРОЦЕСКЕ ТАРТЫЛғАН АЗАМАТТАРДЫң құқЫқТАРЫН қОРғАУДЫң КЕПІЛІ // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2024. – № 3(28);
URL: journaldogma.esrae.ru/ru/28-552 (дата обращения: 18.10.2024).


Код для вставки на сайт или в блог

Просмотры статьи

Сегодня: 28 | За неделю: 28 | Всего: 28


Комментарии (0)


Сайт работает на RAE Editorial System