Әскери қызметтегі құқық бұзушылықтардың ерекшеліктері
Шидемов А.Г. 1, Айткеш А.Қ. 2
1. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, философия докторы (PhD) полиция подполковнигі
2. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD) полиция майоры
Мақала әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын жан-жақты талдауға арналған. Әскери қызмет – ерекше құқықтық реттеуді талап ететін сала, сондықтан әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың ерекшеліктерін, оларды саралау негіздерін және алдын алу шараларын зерттеу маңызды.
Сондай-ақ, әскери ортада құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған шаралар мен құқық қорғау органдарының рөлі зерттеледі. Жұмыста жалпы ғылыми, арнайы құқықтық және эмпирикалық әдістер қолданылып, құқық бұзушылықтардың динамикасын анықтауға бағытталған статистикалық деректер қарастырылады.
Әскери ортада жасалатын қылмыстардың негізгі түрлері, олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамалары, сондай-ақ олармен күресуге бағытталған ұлттық құқықтық нормалар қарастырылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі әскери қылмыстарға қатысты нормаларға талдау жасалып, олардың қолдану ерекшеліктері айқындалады.
Ключевые слова: әскери қылмыс, құқық бұзушылық, жауапкершілік, Қылмыстық кодекс, әскер, әскери қызметші
Библиографическая ссылка
Шидемов А.Г. 1, Айткеш А.Қ. 2 Әскери қызметтегі құқық бұзушылықтардың ерекшеліктері // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2025. – № 4(33);
URL: journaldogma.esrae.ru/33-667 (дата обращения:
06.12.2025).