Мақалада трансұлттық қылмыстық ұйымдар жүзеге асыратын құқыққа қайшы әрекеттердің түсінігі, мазмұны және негізгі сипаттамалары қарастырылады. Қазіргі кезеңде қылмыстық ұйымдардың қызметінің мемлекетаралық сипат алуы олардың құқыққа қайшы әрекеттерін анықтау, саралау және оларға қарсы тиімді іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру мәселелерінің өзектілігін арттырып отыр. Зерттеу барысында трансұлттық қылмыстық әрекеттердің негізгі белгілері, олардың ұйымдасқандық сипаты, тұрақты құрылымы, халықаралық байланыстары және әртүрлі мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылуы сияқты ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар трансұлттық қылмыстық ұйымдардың қызмет ету нысандары мен бағыттарына, олардың экономикалық және қоғамдық қатынастарға келтіретін зиянына назар аударылады. Мұндай қылмыстық құрылымдардың қызметіне қарсы іс-қимылда ұлттық құқықтық тетіктермен қатар халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы айқындалады. Мақалада трансұлттық қылмыстық әрекеттердің ерекшеліктерін кешенді зерделеу оларды алдын алу, анықтау және жолын кесудің тиімді құқықтық және ұйымдастырушылық шараларын қалыптастырудың маңызды алғышарты екендігі негізделеді.
Ключевые слова: трансұлттық қылмыс, қылмыстық ұйым, ұйымдасқан қылмыс, құқыққа қайшы әрекет, қылмыстық қызмет, қылмыстық топ, халықаралық қылмыс, қылмыстық байланыстар, қылмыстың алдын алу, халықаралық ынтымақтастық.
Библиографическая ссылка
Чукумов Г.Б. 1, Алдияров Е.Т. 2 Трансұлттық қылмыстық ұйымдар жүзеге асыратын құқыққа қайшы әрекеттердің түсінігі және олардың басты сипаттамалары // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 3(36);
URL: journaldogma.esrae.ru/36-788 (дата обращения:
27.08.2026).