Мақалада құқық бұзушы тұлғалардың мінез-құлықтық және психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Құқыққа қайшы әрекет жасауға бейім тұлғаның жеке қасиеттері, мінез-құлқының қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік және психологиялық факторлар талданады. Құқық бұзушы тұлғаның құндылықтық бағдарлары, әлеуметтік ұстанымдары, эмоционалдық жағдайы, мінез ерекшеліктері және қоғамдағы әлеуметтік байланыстарының құқыққа қайшы мінез-құлықпен өзара байланысына назар аударылады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың қалыптасуында отбасы ортасының, әлеуметтік ортаның, тәрбиенің, тұлғааралық қатынастардың және әлеуметтік бейімделу деңгейінің маңызы айқындалады. Тұлғаның мінез-құлықтық және психологиялық ерекшеліктерін зерделеу құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын тереңірек түсінуге, сондай-ақ оларды ерте кезеңде анықтау және алдын алу шараларын жетілдіруге мүмкіндік беретіні негізделеді. Зерттеу нәтижелері құқық бұзушы тұлғалармен профилактикалық жұмысты олардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.
Ключевые слова: құқық бұзушы тұлға, мінез-құлық, психологиялық ерекшеліктер, тұлға, құқық бұзушылық, девианттық мінез-құлық, әлеуметтік орта, құндылықтық бағдар, психологиялық факторлар, профилактика, қылмыстың алдын алу.
Библиографическая ссылка
Мырзабеков Қ.А., Ибраимова Н.И. 1 Құқық бұзушы тұлғалардың мінез-құлықтық және психологиялық сипаттары // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 3(36);
URL: journaldogma.esrae.ru/36-789 (дата обращения:
27.08.2026).