Мақалада зияткерлік меншік құқықтарына қол сұғушылықтардың криминологиялық сипаттамасы қарастырылады. Зияткерлік меншік саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің негізгі ерекшеліктері, олардың қоғамдық қауіптілігі, таралу деңгейі және латенттілік сипаты талданады. Сонымен қатар аталған құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға, сондай-ақ оларды жүзеге асыратын тұлғалардың криминологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды, өнертабыстарды, тауар белгілерін және зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін заңсыз пайдаланудың негізгі нысандары қарастырылады. Қазіргі цифрландыру жағдайында зияткерлік меншік құқықтарына қол сұғушылықтардың таралуына әсер ететін факторлар айқындалып, оларды алдын алу мен жолын кесудің криминологиялық тетіктерін жетілдіру мәселелері зерделенеді. Зерттеу нәтижелері зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық шараларды жетілдірудің және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырудың маңыздылығын көрсетеді.
Ключевые слова: зияткерлік меншік, зияткерлік меншік құқықтары, криминология, құқық бұзушылық, қылмыс, қол сұғушылық, авторлық құқық, контрафактілік өнім, заңсыз пайдалану, цифрлық орта, қылмыстың алдын алу, профилактика.
Библиографическая ссылка
Ибраимова Н.И., Мырзабеков Қ.А. 1 Зияткерлік меншік құқықтарына қол сұғушылықтардың криминологиялық сипаттамасы // Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2026. – № 3(36);
URL: journaldogma.esrae.ru/36-790 (дата обращения:
27.08.2026).